Тұржігітова Ғайнижамал Жайлыбайқызы

Рейтинг пользователей: / 8
ХудшийЛучший 

 

Тұржігітова Ғайнижамал Жайлыбайқызы (1960.09.05.) - педагогика ғылымының кандидаты, доцент, Аймақтық Менеджмент Академиясының  корреспондент-мүшесі. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры.

Өмірінің,  ғылыми жұмыстарының негізгі кезеңдері:

1977 жылы Алматыдағы республикалық физика-математика мектебін бітіргеннен кейін С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің математика факультетіне студент болып қабылданған. Оны 1982 жылы математик-оқытушы мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, Гурьев педагогикалық институтына жолдамамен жұмысқа келген.

1982 жылдан күні бүгінге дейін 30 жыл Атырау университетінде ғылыми-педагогикалық қызметін абыроймен атқарып келе жатыр.

2000ж.4.12 Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың бiлiм академиясындағы диссертациялық кеңесте "Техникалық бағыттағы 10-11 сыныптарда ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерiн оқытудың әдiстемелiк ерекшелiктерi" тақырыбында педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн алу үшiн диссертациясын қорғады. Әртүрлi деңгейдегi ғылыми конференцияларда баяндамалар жасап,  республикалық ғылыми-әдiстемелiк басылымдарда мақалалары жарияланып тұрады. Ол қазiргi уақытта әр түрлi басылымдарда баспадан шыққан 40-қа тарта мақала, 3 электрондық оқулық пен 13 оқу-әдiстемелiк құралдың авторы. "Орта мектеп математика курсындағы ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистика элементтерi" (2002ж.), «Қазіргі білім беру технологиялары. Дамыта оқыту технологиясы.» (2011ж.), «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» (2010ж.)  атты баспадан шыққан әдiстемелiк құралдары  мен "Математикалық талдау" пәнінен студенттерге арналған электрондық оқулық (2006ж.), орта мектеп математика пәнi мұғалiмдерi, студенттер мен оқушылар сұранысына ие болып жүрген еңбектер.

2.09.2002 - 12.09.2011 ж.ж. аралығында математикалық талдау кафедраcы меңгерушiсi қызметiн абыроймен атқарды.

2004 ж. ҚР Жоғары Аттестациялық комитетінің шешімімен педагогика ғылымдарының доценті ғылыми атағы берілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2006, 2010 ж.ж.), ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығының (2010 ж.) алғыс хаттарымен марапатталды.

2009 ж. білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.

2011 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен математикалық талдау кафедрасының профессоры академиялық атағы берілді (2011 ж. 29.06 хаттама №11).

2012 жылы Тұржігітова Ғайнижамал Жайлыбайқызы Аймақтық Менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.

 

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2019.