Стамқұлов Марат Темірқалиұлы

Рейтинг пользователей: / 110
ХудшийЛучший 
There are no translations available.

Стамқұлов Марат Темірқалиұлы - Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қызыл Жұлдыз ауылында 1972 жылы 18 қазанда туылған, ұлты - қазақ.

1989 жылы орта мектепті бітіріп, 2000 жылы Орталық Азия университетіне түсіп, 2006 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша диплом алды. 2006 жылы Әулие-Ата университетіне түсіп, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» біліктілігін алған. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2011 жылы 14-маусымдағы шешімімен (№5 хаттама) «Педагогика ғылымдарының кандидаты» дәрежесін алды. Бүгінгі күнге дейін ҚР «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», ҚР спорт шебері, Жамбыл облыстық каратэ-до федерациясының «Жоғарғы санатты І-дәрежелі жаттықтырушысы», Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің доценті.

1989 жылдан бастап «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің каратэ-до» тобының жетекшісі болып қызмет атқарды.

1991-1993 жылдары Кеңес Әскері құрамында болды.

1993-1998 жылдары Жамбыл ауданының № 1 БЖСМ-інде каратэ-до жаттықтырушысы, 1998-1999 жылдары Байзақ ауданы, Ж. Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 1999 жылдан бастап, Жамбыл политехникалық колледжінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылдан бастап Облыстық мамандандырылған ұлттық спорт түрлері мен олимпиада резервтерін дайындау мектебінің жаттықтырушысы және 2001-2009 жылдар аралығында каратэ-до-дан облыстық құрама командасының аға жаттықтырушысы болды. Қызмет барысында 11 ҚР спорт шеберін және 2 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін дайындап, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алды. 2006 жылдан бастап Облыстық білім басқармасының «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» директоры, 2013 жылдың 9 тамызынан бастап № 2 ОМБЖСМ директоры қызметін атқарып келеді.

Мемлекеттік мараппаттары:

1. Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы. Алтынсарин»  белгісі.

2. «ҚР Білім Беру ісінің құрметті қызметкері»

3. ҚР Туризм және Спорт Министрлігің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан еңбегі үшін» Құрмет белгісі.

4. ҚР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Құрмет белгісі.

5. Білім және Ғылым Министрлігінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары.

Жұбайы және үш ұлы бар.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua