Ұстағалиев Ернар Опағалиұлы

User Rating: / 19
PoorBest 
There are no translations available.

Ұстағалиев Ернар Опағалиұлы 1984 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Аралтөбе орта мектебін тәмамдап, сол жылы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің білім грантының иегері атанды.

2005 жылы Қазақ Ұлттық университетін тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша «үздік» дипломмен аяқтады. Университет қабырғасында студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциялары мен түрлі қоғамдық іс-шараларда белсенділігімен көзге түсті.

2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің магистратурасына білім грантымен оқуға түсіп, білімін жалғастырды. Магистратурадағы оқуы барысында өзінің тарих ғылымы саласындағы  мақалаларын жариялады, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың хаттарын аударумен айналысты. Ғылыми жұмыстармен қатар педагогикалық және тәрбие саласындағы қызметтерде де белсенділігімен көзге түсті. Магистратураның 2-ші курсында оқып жүріп, бакалавриат студенттеріне дәріс берді, әрі Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектеп-интернатында тәрбиешілік жұмыс атқарды.

2007 жылы «Қайнар» университетін «үздік» дипломмен аяқтап, тарих ғылымының магистрі академиялық  атағына ие болды.

2007-2010 жылдары тарих ғылымының кандидаты ғылыми атағына ізденуші ретінде «Қайнар» университетіне бекітілді.

Ұстағалиев Ернар Опағалиұлы өзінің педагогика саласындағы алғашқы қадамдарын республикалық музыкалық мектеп-интернатында балалар және жасөспірімдермен жұмыс жасаудан бастады. Магистратурадағы оқуы барысында Қазақстан тарихы пәнінен бакалавриат студенттеріне дәріс берді. Магистратурада оқыған жылдары 4 ғылыми-зерттеу мақаласы жарық көрді. 2007 жылы магистратураны тәмамдаған соң, Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатында Қазақстан тарихы және құқықтану пәндерінің мұғалімі ретінде ұстаздық қызметін бастады.

2008 жылы жұмыс орнын ауыстырып, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясына жұмысқа қабылданды.

2008-2012 жылдар аралығында аталған білім мекемесінде Қазақстан тарихы пәнінің аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарды. Академиядағы қызметі барысында ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғарылады, осы жылдар аралығында 7 ғылыми мақаласы жарық көрді.

2012 жылы Сулейман Демирель атындағы университетке шақырту алып, осы білім ордасында қызмет етіп келеді.

Ғылыми-зерттеу бағыты: XVIII ғасырдың І жартысындағы қазақ-орыс қатынастары.

Негізгі зерттеу тақырыбы: хан-сұлтандардың дипломатиялық хаттары, орыс әкімшілігі тарапынан толтырылған хаттамалар, күнделіктер, мұрағат құжаттары.

2014 жылы ғылыми-педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессор академиялық лауазымына ұсынылған.

Жарияланған ғылыми мақалалары мен еңбектерінің тізімі:

1. Қазақ хандарының дипломатиялық хаттары: мәселеге шолу // «Таным шебінде: жастардың ғылыми творчествосы» Республикалық ғылыми конференцияның материалдары. – 23-24 мамыр 2006 ж., Алматы. – 86-89 бб.

2. Қазақ жерінің жаулануы – жоспарлы саясат // Қазақ өркениеті. – № 1 (25). – Алматы, 2007. – 116-121 бб.

3. Әбілқайыр хан хатының орысша аудармалары туралы // ХХ ғасырдан ХХІ ғасыр жолындағы білім және ғылым: мәселелері мен дамытудың болашақ бағдары (Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары). – 10-12 сәуір 2007 жыл, І бөлім. – Алматы. – 178-180 бб.

4. Абылай ханның тарихи хаты туралы // Қазақстан әлем өркениеті қарым-қатынасының тоғысы. – 5-9 шілде 2007 жыл. – Алматы. – 408-412 бб.

5. Қазақ батырларының жекпе-жек өнері // «Шекарашы» журналы. – № 2 (4). – Алматы, 2009. – 199-204 бб.

6. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша семинар сабақтары жоспарларының жинағы. – Алматы: ҚР ҰҚК Әскери институты, 2009. – 109 б.

7. Қазақ-жоңғар қарым-қатынасы және Ресей империясы // «Дүниежүзі тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері» атты «Нұрпейісов оқулары» шеңберіндегі ҚР ҰҒА академигі Нұрпейіс Кеңес Нұрпейісұлының 75-жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Алматы қаласы, 12 наурыз 2010 жыл. – 194-198 бб.

8. Әбілқайыр ханның Ресеймен қарым-қатынасы мәселесіндегі тарихи хатының саяси мәні // Қазақстандағы Германия жылына арналған «Интеграция мен модернизация үдерісіндегі Орталық Азия мен Еуропа тарихының концептуалдық мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 12 наурыз 2010 жыл. – 316-320 бб.

9. XVIII ғасырдағы қазақ билеушілері және Орынбор шекаралық әкімшілігі // «Шекарашы» журналы. – № 2 (4). – Алматы, 2010. – 181-188 бб.

10. Ер қаруы – бес қару //«Шекарашы» журналы. – № 1 (4). – Алматы, 2012. – 214-218 бб.

11. Әбілқайыр хан және Ресей империясы // «Шекарашы» журналы. – № 2 (4). – Алматы, 2012. – 156-161 бб.

12. Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасы мен саяси қызметі // «Жаһандану кезеңіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Сулейман Демирель университеті, 13 наурыз 2013 жыл. – 447-451 бб.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2019.