Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы

Рейтинг пользователей: / 5
ХудшийЛучший 
There are no translations available.

Кенжегүл Қабылғазықызы Есіркепова 1971 жылы 18 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Ақсуат селосында  туған. Филология ғылымдарының кандидаты. Қазақ және орыс филологиясы факультетінің деканы, қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті.Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қостанай қаласы.

1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылдан бастап А. Байтұрсынұлы атындағы  Қостанай мемлекеттік университетінің  қазақ филологиясы факультетіне жас маман ретінде жұмысқа орналасты.

2004 жылдан Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет атқарып келеді.

2005 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Шалабайдың жетекшелігімен Астана қаласында, Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде «1960-1980 жылдардағы қазақ әйел-ақындар поэзиясының тілі («Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, К. Ахметова, А. Бақтыгереева шығармалары негізінде») тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2005 жылдан бастап қазіргі қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 2006-2012  жж. қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,  2013 жылдан қазақ және орыс филологиясы факультетінің деканы қызметін атқарады.

Жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі – 19 жыл.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі, сондай-ақ жас ұрпаққа білім мен тәлімді тәрбие берудегі белсенді еңбегі үшін құрмет грамотасына ие болып, «Ана тілі аруы», «Ана тілі сұлтаны» республикалық байқауында студенттерге өз өнерлерін көрсетуге көмек жасағаны үшін, олардың бойына ана тілінің қадір-қасиетін дарыта білгені үшін «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің  алғыс хатымен және «Жарқын белес» атты мұғалімдердің І республикалық педагогикалық форумында белсенділігі үшін дипломымен марапатталды.

К.Қ. Есіркепова кәсіби педагог ретінде жоғары мектептің бар баспалдақтарынан өтті. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі біліктілік, кәсібилік және жауапкершілікпен айрықшаланады. Ғылыми қызығушылық саласы: этнолингвистика, лингвомәдениеттану, стилистика мәселелері.

30-дан артық ғылыми еңбектері, 1 монографиясы,  3  оқу құралы  жарық көрген.

Негізгі ғылыми еңбектері:

1.«Қазақ этнонимдерінің 1960-1980 жылдардағы әйел-ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде)». Монография, Қостанай. ТОО «Центрум», 2010. – 153 б.

2. Қазақ тілінің стилистикасы. Оқу құралы. Қостанай: ТОО «Центрум», 2010. – 166 б.

3. Мақал-мәтел тіліндегі концептілік құрылымдар. Оқу құралы. –Қостанай. ҚМПИ 2011.-143 б. (Авторлық бірлестікте ф.ғ.к. Қанапина С.Ғ.).

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua