Аубакиров Хамит Аблгазинович

Ocena użytkowników: / 15
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

Аубакиров Хамит Әбілғазыұлы 1957 жылы туылған. 1975 жылы Семей облысы, Аякөз ауданы, Таскескен селосындағы «Ы. Алтынсарин» атындағы орта мектепті бітірген. 1976-1978 ж.ж. әскери борышын атқарған. 1978-1983 жылдары Самарқан ауыл шаруашылық институтында оқып, үздік дипломмен бітірген. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты (1997), доцент (2010), Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің профессоры (2011), АМА корреспондент-мүшесі (2011).

Еңбек жолын 1983 ж. «Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» иммуногенетика зертханасында аға лаборант ретінде бастады. 1984 жылдан бастап 1987 жылға дейін Қазақ қаракөл шаруашылығы ҒЗИ-ның күндізгі бөлімінің аспиранты. 1987 жылдан бастап 1996 жылға дейін тері гистологиясы және морфологиясы, 1997 жылдан бастап биотехнология және иммуногенетика бөлімдерінде ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер және жетекші ғылыми қызметкер жұмыстарын атқарды.

1996-2000 жылдар аралығында ол «Қаракөл қойларының жоғары өнімді түрлерін құрудың биотехнологиялық және иммуногенетикалық әдістерін әзірлеу», 2001-2005 жылдары «Елтірілік қой тұқымдары мен түйелерге иммуногенетикалық, феноцитогенетикалық мониторинг және тератологиялық скрининг жүргізу» және «Оңтүстік Қазақстан аумағында қазақтың жабы типті жылқы төлдерін қарқынды күтіп-бағу технологиясы», ал 2006 жылдан бастап «Бұхар сұры ішіндегі жақұт реңдес жоғары өнімді қой тұқымын шығару» атты жобалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының жауапты орындаушысы болды.

Х. Ә Аубакиров 2008 жылғы республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері ЖАК тарапынан ұсынылған республикалық беделді «Жаршы», «Ізденістер, нәтижелер» «Вестник сельскохозяйственных наук Казахстана», «Ізденіс», «Ғылым жаршысы» және Монголия, ТМД елдерінің «Вестник РАСХН», «Кыргыз улуттук агрардык университетінің жарчысы» журналдарында жарияланып, халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда баяндалып тұрады. Өзінің ғылыми-педагогикалық еңбек жолындағы ізденістері нәтижесінде барлығы 130 астам ғылыми мақаланың, 8 өнертапқыштық патенттің, 2 нұсқаулықтың, 2 оқу құралының және Қазақстан Республикасы Білім ғылым министрлігі тапсырысы бойынша ЖОО білімгерлеріне арналып дайындалған «Биометрия», «Биотехнология» атты оқулықтардың авторы атанса, орыс тілінде жазылған «Коневодство», «Овцеводство», «Кормление сельскохозяйственных животных», «Технология производства животноводческой продукции» атты оқу құралдары кәсіптік білім беру бағдарламалары (бұйрық №595., 25.12.2009) бойынша дайындалып, қазіргі кезде оқу үдерісінде пайдаланылуда.

Жас ғалымдар тәрбиелеуге де үлкен мән береді. Х.Ә Аубакировтың жетекшілігімен жүргізілген ғылыми-ізденіс жұмыстары нәтижесінде 6 аспиранты кандидаттық диссертацияларын нәтижелі қорғаған.

Менеджменттің практикалық дамуына еңбегі зор сіңген және ірі ғалым ретінде 2011 жылы Аймақтық Менеджменттің Академиясының (АМА) корреспондент-мүшесі болып сайланған.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2019.