Немеребаев Мухатай

Рейтинг пользователей: / 11
ХудшийЛучший 

Мұқатай Немеребаев - техника ғалымдарыны докторы, профессор, АМА академигі.

Мұқатай Немеребаев 20 шілде 1947 жылы Талдықорған облысы (Алматы) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген.

1956 жылы Жансүгіров ауылындағы В. Чапаев атындағы орта мектепке барып, оны 1966 жылы бітірген.

1966-1967 жылы аралығында В.Чапаев атындағы совхозда жұмысшы болып еңбек атқарды.

1967-1970 жылы аралығында Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеп қайтқаннан кейін, Ақсу кино торабында жұмыс атқарған.

1970 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс инженерлері факультетіне түсіп, оны 1975 жылы үздік дипломмен бітіріп, құрылысшы инженер мамандығын алған.

1974 жылы Кеңестер Одағының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

1974 жылы сәуір айында өткен Бүкіл Одақтық комсомолдың ХVІІ-съезінің делегаты болған.

1975-1978 жылдары Шымкент қаласындағы химия-технологиялық институтына жолдамамен келіп оқытушы қызметін атқарды.

1978-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор м.а., деканның орынбасары.

1989 жылы М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында жұмыстан қол үзбей 01.02.06 - "Машиналардың, аспаптардың және аппартуралардың динамикасы, беріктігі" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

1993 жылы 01.02.00 - Механика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алған.

1994-1998 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында Механикаландыру және автоматтандыру факультетінің деканы қызметін атқарды.

1998-2003 жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Тіршілік қауыпсіздігі кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2008 жылғы 1-сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Казақстан мемлекеттік университетіндегі Д 14.23.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде Композит материалдардан жасалған тор көзді құрылымдарды динамикалық күштердің, температураның және құрылыстық әсерлерден есептеу әдістері тақырыбы бойынша 01.02.06 - "Машиналардың, аспаптардың және аппартуралардың динамикасы, беріктігі" мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2008 жылғы 31 қазандағы шешімен техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2010 жылы 5 ақпанда 01.02.00 - Механика мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілген.

Жалпы зерттеп жүрген ғылым саласы бойынша 106 астам ғылыми әдістемелік мақалалары жарық көріп, үш аспирантқа жетекші болып, олардың жұмыстары жоғары бағаланып, ғылым кандидаттары атанды.

2003-2007 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтында Оқу-әдістемелік бөлім бастығы қызметін атқарды.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстірлігінің 2009 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы беріліп, төсбелгісімен марапатталған.

2010 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталынды.

2007  2008 жылдары А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқарды.

2008 жылдың шілде айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарады.

Менеджменттің  практикалық дамуына еңбегі зор сіңген  және ірі ғалым ретінде 2012 жылы Аймақтық Менеджменттің Академиясының (АМА) академигі болып сайланған.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua