Калиева Айгул Шайнуллаевна

User Rating: / 2
PoorBest 
There are no translations available.

Мен, Калиева Айгул Шайнуллаевна, 1961 жылы  маусым айының 29-жұлдызында, Ақтөбе облысы  Байғанин ауданы  Кемерши селосында дүниеге келгеннмін. 1967 жылдың  қыркүйек  айында  Жем орта мектебінің 1-сыныбына бардым. 1971-72 оқу жылында Ақтөбе мектеп-интератында оқыдым.  Жанұя жағдайына байланысты келесі оқу жылынан бастап қайтадан Жем орта мектебінде оқыдым. 1977 жылы жалпыға бірдей орта мектепті аяқтап, «Шұғыла» комсомол-жастар бригадасында бір жыл жұмыс жасадым.

1978 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогика институтының химия-биология факультетіне оқуға түстім. 1983 жылы  жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін, арнайы жолдамамен Байғанин ауданы Оймауыт совхозына қарасты Шөптікөл ауылындағы жаңадан ашылған  Бекембай негізгі мектебіне химия-биология пәнінің мұғалімі болып бардым. Аталған мектепте екі жыл жұмыс жасап, тұрмысқа шығуыма байланысты Байғанин ауданы Оймауыт совхозындағы Жанажол орта мектебінде 1985-1987 жылдар аралығында пән мұғалімі болып жұмыс жасадым. Жанұя жағдайына байланысты 1987-1988 оқу жылынан бастап 1994 жылға дейін Байғанин ауданы Дияр совхозының Дияр орта мектебінде 13 разрядты, ІІ категориялы пән мұғалімі болып, соңынан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып  жұмыс жасадым.

1994 жылы жолдасымның қызмет бабымен Ақтөбе облысы Алға ауданының Еркінкүш ауылына қоныс аудардым. 1999 жылға дейін Еркінкүш негізгі мектебінде пән мұғалімі болып, қоғамдық жұмыстардан кәсіподақ төрайымы қызметін атқардым.

1999 жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласына қоныс аударып, № 33 орта мектепке валеология, экология, химия және биология пәндерінің оқытушысы  болып орналастым. Оқушыларды ғылыми жұмыстарға дайындадым. Жаратылыстану пәндерінің секция жетекшісі болып қоғамдық жұмыстар жасадым. 2002 - 2005 жылдары аралығында Ақтөбе қалалық білім бөлімінде жаратылыстану пәндері  бойынша штаттан тыс әдіскер қызметін атқардым. 2003 жылы  14 разряд, І санатқа ие болдым. Аталған мектепте 2003-2007 жылдар аралығында  алдымен әдіскер, соңынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Мектепте жұмыс жасаған жылдары қалалық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым.

2007 жылдың қаңтар айының 8-ші жұлдызынан бастап Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетінде Экология кафедрасында оқытушы болып жұмыс жасап келемін. Қазір аға оқытушы болып қызмет атқарамын. 2007-2009 жылдар аралығында Жаратылыстану факультеті бойынша деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болдым. 2014-15 оқу жылында «Тіл саясаты» бойынша факультетте жауапты оқытушымын. Кафедра отырысының xатшысы, түлектердің еңбекке орналасуын қадағалайтын, академиялық ұтқырлыққа жауапты оқытушы, оқу әдістемелік секция жетекшісі болып қоғамдық жұмыс атқарып келемін. Жыл сайын қала мектептерінің оқушыларына ғылыми жетекші болып отырамын. ҚР КҒА облыстық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялардан оқушылар жыл сайын бірінші және екінші орындарға ие болып жүр. "ЭКСПО-2017" өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жоспарына сәйкес дарынды балаларды анықтау және дамыту шараларының қазылық құрамында болдым.

Сонымен қатар студенттердің ғылыми біліктілігін  көтеруіне де  үнемі көңіл бөліп, бірнеше жылдан бері дипломдық жұмыстарына жетекшілік жасап келемін, студенттер зерттеу жұмыстарының нәтижелерін ғылыми-практикалық  конференцияларда  баяндайды, мысалы: өткен оқу жылында 2017 жылы «Жастар, Ғылым және инновациялар» атты халықаралық жастар ғылыми форумына  Каухамбаева Б. ««Көкжиде жерасты сулары» гидрогеологиялық нысанына төнген экологиялық қауіп» тақырыбында баяндамасын ұсынып, сертификат иеленді. Ал биылғы оқу жылында «Таза мекен» ұйымы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қалдықсыз технологияға байланысты, ағызынды суларды тазарту туралы өз макетін ұсынды.

Университетте жұмыс жасағаннан бері 30-дан аса мақала жарық көріп, 12 әдістемелік  нұсқау баспадан шықты.  Кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында 25 сертификатқа ие болдым. Осы жылдары жасаған еңбегіне байланысты университет ректорының атынан «Жыл кураторы» номинациясымен,  мерекелік медальмен,  бірнеше рет мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен, дипломмен, бағалы сыйлықпен, факультет бойынша жаратылыстану факультетінің деканының атынан медальмен,  бірнеше  рет алғыс хаттармен марапатталдым.

Жолдасым қайтыс болды. Төрт бала тәрбиелеп өсірген анамын.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2019.