Сисенбай Нұрлыбай Қошаманұлы

User Rating: / 1
PoorBest 
There are no translations available.

Сисенбай Нұрлыбай Қошаманұлы – 1958 жылы 31 қаңтарда (құжат бойынша 1 ақпан) Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, «Сағыз» совхозында (Ноғайты ауылы) дүниеге келген. 1975 жылы «Сағыз» орта мектебін үздік бітірді. Мектептен соң еңбек жолын 1975-1977 жылдар аралығында Батыс Қазақстан теміржолына қарасты, Шұбарқұдық станциясы, ШЧ-38 теміржол байланыс мекемесінде «электромонтёр» болып жұмыс жасаудан бастады.

1977 жылы Ақтөбе Мемлекеттік Медицина Институтына оқуға түсіп, аталмыш оқу орнын «балалар дәрігері» мамандығы бойынша 1983 жылы бітіріп шықты. Институтта «Білім қоғамының» мүшесі болды. 1983-1985 жылдар аралығында Орал қалалық №3 емханасында және Чапаев аудандық ауруханасында, 1985-1990 жылдары қалалық жедел-жәрдем емханасында, 1990-1991 жж. қалалық №1 емханасында, 1991-1999 жылдары Орал қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-педиатр болып жұмыс жасады. Бірнеше мәрте 1986 жылы Алматы қаласында «Неонотология», 1991 жылы Орынбор қаласында «Педиатриядағы жедел жәрдем», 2013 жылы М.Оспанов атындағы БҚММУ-ті жанынан «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбына және 2015 жылы «Денсаулық сақтау мененджменті» циклы бойынша дәрігерлік білім жетілдіру курстарынан өткен.

1986 жылғы Алматыдағы «Желтоқсан» ұлт-азаттық көтерілісінің куәгері. 1988 жылдан бастап қоғами-саяси жұмыстарға белсене араласа бастайды. 1989 жылдан Орал облыстық «Қазақ тілі» қоғамының бюро мүшесі, 1990 жылдан Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары. Орал қаласынан қазақ бала-бақшалары мен қазақ мектебін аштыруға араласты. Тәуелсіздік тұсында, 1990 жылы қыркүйек айында Орал облысында «Ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысы партиясын» құрушылардың және 1991 жылы (мамыр) Орал қаласында құрылған «Азат» азаматтық қозғалысының алғашқы бастауыш ұйымын құрушылардың бірі болды. 1991 жылдан Орал облыстық «Азат» азаматтық қозғалысының үйлестіру кеңесінің, кейіннен басқарма мүшесі. 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жолында Орал облысынан автономия жариялап, ақ патшаға қызмет еткеніне 400 жыл» атты әскери құрылтайын өткізіп, сол құрылтай барысында жерді Ресейге қосуды ресми түрде жарияламақ болған сепараттық пиғылдағы орыс-казактарының арандату әрекеттеріне қарсы болған «Бүкілқазақстандық наразылық акциясын» ұйымдастырушылардың бірі. 1992 жылдан 1994 жылға дейін Орал облыстық «Азат» қозғалысының тең төрағаларының бірі қызметін атқарды. 1993-1995 жылы «Адай» ШК-ның жетекшсі. 1994 жыл – Қазақстанның Республикалық Партиясы (ҚРП), Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары. 1994 жылы Орал облыстық саяси ұйымдарының атынан Ақтөбе облысы, №25 Мұғаджар сайлау округі бойынша ҚР-сы Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде сайлауға қатысты. 1999-2001 жыл Орал қаласының РИА «Таза-пресс» агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша өкілі. 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасында шекара дауы туындағанда Батыста құрылған «Батыс-Бағыс» штабының жетекшісі болды.

2002-2004 жылдар аралығында «Ақ жол» ҚДП-сының Орталық Кеңесінің мүшесі. Ақтөбе облыстық бөлімшесінің кеңесі және бюро мүшесі. Осы партияның облыстық бөлімшесінің  бас маманы қызметін атқарды. 2003 жылы демократиялық күштер атынан №17 Байғанин ауданы бойынша Ақтөбе облыстық мәслихатына және 2004 жылы «Ақ жол» демпартиясы атынан №13 Мұғалжар сайлау округі бойынша ҚР-сы Парламентіне депутаттыққа үміткер ретінде сайлауға түсті. 2005 жылдан «Нағыз Ақ жол» демократиялық партиясының Орталық Кеңесінің мүшесі. Қазақстанның «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту» туралы ІСМА жобасы аясындағы «Бірлесу үшін азаматтық қатысу және оның тұтқалары туралы», сондай-ақ халықаралық қатынастар жөніндегі халықтық демократиялық институтының «Сайлаушылармен саяси қарым-қатынас жасаудың жолдары» семинарларын тәмәмдаған.

2005 жылы Алматыда өткен «Республикалық ұлт патриоттары құрылтайының» делегаты және Ақтөбе облысы бойынша аталмыш қозғалыстың «жетекшісі» болды. Нұрлыбай 2006 жылы 13-15 желтоқсанда ҚР-сы тәуелсіздігінің 15 жылдығына орай Алматыда өткен Халықаралық Конференцияның делегаты.

2006 жылдан Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. 2007 жылдан «Жалпыұлттық Социал Демократиялық Партиясы» (ЖСДП), Ақтөбе облыстық филиалы кеңесінің мүшесі, жетекші маманы. 2008 жылдан бері «Арайлы Ақтөбе», «Табын» тәуелсіз, қоғамдық-саяси газетінің шеф редакторы.

2013 жылдан Невада-Семей антиядролық қоғамдық қозғалысының Батыс Қазақстан аймағы бойынша эксперттік комиссиясының мүшесі. 15.12.2014 ж. Халықаралық Невада – Семей антиядролық қозғалысының «Таза табиғатпен ядролық қарусыз ғасырға» номинациясы бойынша «Жыл адамы - 2014» марапатына ие болды. Саясаттанушы.

Соңғы жылдары шығармашылық жұмыспен айналысып жүр. «1991-қыркүйек, Орал оқиғасы» (2001 жыл), «Азат» азаттық жолында» (2008 жыл) атты тарихи – саяси, деректі кітаптардың және «Ноғайты энциклопедиясы» (2016 жыл) жинағының авторы. Сондай-ақ, Нұрлыбай «Азаттық» (авторы: О.Жәкібаев: «Полиграфсервис» баспасы, І-ІІ-ІІІ том, Орал – 2007) және «Ұлтым деп соққан жүректер» (авторы: Б.Төлепберген, Д.Көшім: «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы ЖШС», Алматы – 2009) кітаптарының басты кейіпкерлерінің бірі. 2016 жылы ҚР «Жер Кодексіне» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау жөніндегі үш жақты комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде көрсеткен азаматтық белсенділігі үшін облыс әкімі Б.Сапарбаевтың «Алғыс Хатымен» және «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталды.

Бойындағы қасиеті шенеуніктіктен, мансапқорлықтан, жағымпаздықтан, жалған іс пен сөзден аулақ болу. Ұстанатын өсиет сөздері: Абайдың - «Атымды адам қойған соң, қайтып надан болайын», Махамбеттің - «Егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме», Бауыржан Момышұлының - «Намыс, адамзаттың алтын туы». Нұрлыбай бүгінде Ақтөбе облыстық «Қарттар мен мүгедектер» интернат үйі ММ-сі емханасында дәрігер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасайды. Бүгінде Ақтөбе қаласында тұрады, үйленген, үш баласы бар. Жұбайы Аманшина Әмина Алматы темір жол институтын бітірген инженер маман. Үлкен ұлы Әз-Фараби (т/ж 06.02.1985) жоғарғы білімді, мұнай-газ саласының маманы. Қызы Әйгерім (т/ж 25.09.1987) Транс-Телеком байланыс мекемесінде есепші-экономист. Кіші ұлы Әліби (т/ж 24.03.1989) Ақтөбе темір жол колледжінің түлегі. Бейбарыс (т/ж 07.01.2011) және Шамсрахман (т/ж 26.06.2012) есімді немерелері бар.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2019.