Берикханова Гульсара Еженханқызы

Ocena użytkowników: / 12
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

Берикханова Гульсара Еженханқызы (1966.15.06.) – педагогика ғылымының кандидаты, Аймақтық Менеджмент Академиясының бірлескен профессоры. Семей Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің информатика және математика кафедра доцентінің уақытша қызмет атқарушысы.

Өмірінің,  ғылыми жұмыстарының негізгі кезеңдері:

2001 жылдың 17 қаңтарында М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік мемлекеттік университeтiндегi ОҚ 14.29.02.-диссертациялық кеңесінде 13.00.02.-«Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарыньң кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қopғaдым.

Ғылыми-педaгoгтiк өтілім - 24 жыл. Мен «Математикалық анализ», «Жоғары математика», «Математика», «Ықималдықтар теориясы және математикалық статистика», «Геометрия», «Математиканы оқыту әдістемесі» пәндері бойынша дәріс оқып, тәжірибелік. сарамандық сабақтар жүргіземін. Барлық сабақтар жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтіледі. Теориялық материалды түсіндіруде оқулық көлемімен шектеліп қалмай, қосымша әдебиеттерді кеңінен пайдаланамын. Жоғары мектепте оқытудың жаңашылдық технологияларын жете меңгеріп, дәріс, тәжірибелік сабақтарды өткізу барысында жүйелі қолданып отырамын. Ғылыми жұмыстарымның басты бағыттары математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы, ықтималдықтар теориясы мен маематикалық статистика, геометрияны оқыту әдісемесіне байланысты болып келеді.

1996-2012 жылдары аралығында барлығы 66 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген. қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Математика-ІІ» оқу кешені жазылды. Соның ішінде кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін 3 оқу құралы, 1 электрондық оқу құрал, 50 ғылыми және әдістемелік мақаласы жарық көрген. Жыл сайын шет мемлекеттердегі, халықаралық, республикалық денгейдегі конференцияларда баяндама жасап келеді.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін «12 жылдық оқуға көшу жағдайындағы мектептің жоғарғы сатысында математикалық білім беру мазмұнын аиықтаудьщ ғылыми-әдістемелік негіздері» атты жоба бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын. «әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық универсвтеті, «Математика және механика ғылыми-зерттеу институті еншілес мемлекеттік кәсіпорында аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істедім. 2006-2007 оқу жылында М.О.Әуезоватындағы Семей университеініңматематика кафедрасының меңгерушісі міндетін атқардым. Кафедра меңreрушісі қызметін атқару барысында оқу-әдістемелік. ғылыми, қоғамдық-тәрбие жұмыстарының тиісті деңгейде жүзеге асуына басшылық жасадым.

2004-2007 оқу жылдары университтетің «Инновациялық технологиялар» комитетітің төрағасы қызметін атқардым. Менің басшылығымен университетің оқыушылар арасьщда «Ұздік оқытушы» сайысы ұйымдастырылды. Мен математиканы оқыту теориясы мен технологиясы мамандығы бойынша қорғалатын кандиатгық диссертацияға пікір білдіріп отырдым. Сондай-ақ, 13.00.02 - математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі ммaнды:rы бойынша оппонент болдым, Студенттердін ғылими жұмысына да жеттекшілік етемін. Менің жетекшілігіммен алпыстан аса студент бітіру жұмысын сәтті қорғаған. 2011-2012 оқу жылында 8 студенттің бітіру жұмысына ғылыми жетекшілік еттім. Өткен оқу жылында университетте өтетін студенттердің ғылыми-практикалық конференциясында мен дайындаған студенттерім жүлделі орынға ие болды.

 

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2020.