Пертаева Эльмира Құлибайқызы

Ocena użytkowników: / 2
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы 1976 жылы 11 қазандаТараз  қаласында туылған.

1993 жылы  Тараз педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына түсіп, 1997 жылы Жамбыл университетін үздік дипломмен бітірген.

1997-2000 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің аспирантурасына түсіп, 2001 жылы академик Тұрсынбек Кәкішұлының жетекшілігімен «Дулат Бабатайұлының ақындығы» (10.01.02.- қазақ әдебиеті)  тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001-2006 жж. «Тараз» институты «Әлем тілдері» кафедрасының меңгерушісі, «Әлем тілдері» кафедрасының доценті;

2006-2007 жж. «Тараз» институтының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры;

2007-2008 жж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті директорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;

2008 жылдың қаңтар айынан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты директорының Ғылыми жұмыс және Халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары;

2008-2009жж. «Филология» факультетінің деканы;

2009-2010жж. «Жалпы тілдер және қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі;

2010-2012жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доцент м.а.;

2012 жылдың қыркүйек айынан Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аудиторы, «Филология» кафедрасының доцент м.а.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша, 2007 жылы  «Қазақ ғылымы кім, не, қайда, қашан?»  анықтамалығына енген.

2009 жылдың қазан айының 5.09.-7.09. аралығында Ресейдегі Халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Филология ғылымының өзекті мәселелері» тақырыбындағы семинарға қатысып, сертификат алған.

«ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес оқу орындарында сапа менеджмент жүйесін жобалау және енгізу» тақырыбына арналған семинарға (06-08 сәуір, 2011 ж.) қатысып, сертификат алған.

Ғылыми жарияланымдары: 59 ғылыми еңбек пен ғылыми мақалалардың авторы. Атап айтсақ: Сүйіншәлиев Ханғали Жұмашұлы: Биобиблиографиялық  көрсеткіш –Алматы: Қазақ университеті, 1998. –38б., «Дулат Бабатайұлының ақындығы» монография). –А, «Қазақ университеті» 2000. –131 бет.,  «Дулат және Абай» (оқу құралы). –А, 2005 ж. – 200бет. «Ө.А.Жолдасбеков атындағы білім ордасы» (Эксперимент нәтижелері). Мақалалар жинағы. (Әдістемелік көмекші құрал). –Тараз, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 2005ж. –98бет. «Қазақ әдебиетінің тарихы». Әдістемелік нұсқау. –А,  «Полиграфия-сервис  и К», 2006. – 78 бет.

Оқу процесінде инновациялық технологияларды пайдаланумен бірге өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп,  ғылыми мақалалар жариялады.

Ғылыми ізденіс жұмыстарының нәтижелері ТМД-да, шетелдерде және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқу процесіне енгізілді. Ғылыми-педагогикалық өтілі – 15 жыл, жоғары оқу орнында –12 жыл.

Студенттерге «Халық ауыз әдебиеті», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Хандық дәуірдегі қазақ әдебиеті», «ХIХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», пәндерінен және  «Абайтану», «Дулаттану»  курстарынан,  магистранттарға «Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» пәнінен дәріс береді.

Пертаева Эльмира Құлибайқызы өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген ұстаз, жас ғалым.Әріптестер мен білімгерлер арасында беделге ие.

 

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua