Ерали Абдикарим

Рейтинг пользователей: / 9
ХудшийЛучший 
There are no translations available.

 

Заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Ерали Абдикарим 1960 жылы 20 қарашада Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. 1968-1978 жылдары Арал қаласындағы №15 мектепте жалпы орта білім алған. 1991-1994 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша үздік дипломға бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер басқармасынан бастаған. 1986-1989 жылы Оңтүстік Қазақстан Облыстық Сотының қызметкері болған.

Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы қызметін атқара жүріп, 1997 жылы 06 маусымда з.ғ.д., профессор С.Б.Байсаловтың жетекшілігімен «Жерге жеке меншік құқығының негіздері» тақырыбында «заң ғылымының кандидаты» ғылыми дәрежесіне кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат палатасының Аппаратында кеңесші қызметінде істеген. 1999 жылы ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидат болып тіркеліп, сайлауға түскен.

2000 жылы Голландия мемлекетінде заң жобаларын дайындауға байланысты стажировкадан өткен.

2001 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

2002-2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы төрағасы (премьер-министр) Ұ.Қ. Қарамановтың көмекшісі қызметін атқарған.

2004-2005 жылдары Мәжіліс палатасының Аппаратында аударма бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2005-2008 жылдары ҚР Жоғарғы Соты Аппаратының редакциялық баспа бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған.

2006-2009 жылдары Астана қаласындағы «Тұран-Астана» университетінің «Жеке құқық» кафедрасының меңгерушісі қосымша қызметін атқарған.

2009-2010 жылдары ОҚО, Шымкент қаласындағы Академиялық инновациялық университетінің «Азаматтық және қылмыстық құқықтық пәндер» кафедрасына аға оқытушылық қызметінде болып, ғылыми жетекшілігімен «Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын құқықтық реттеу» тақырыбында Б.Арыстанбаев магистрлік диссертациясын сәтті қорғады.

2010 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, заң факультеті, «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасында қызмет жасайды. 2012 жылдың 30 қазанында ХҚТУ Сенатының шешімімен «қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы» ғылыми атағы берілді.

2 монографиясы, 1996 жылы «Жерге жеке меншік құқығының негіздері», 2011 жылы «Меншік және билік институты» және 1 оқу құралы, 2012 жылы «Денсаулық құқығы», 5 оқу-әдістемелік нұсқаулары жарық көрген. 50-ге жуық мақаласы бар. Оның 30-дан астамы ғылыми мақалалар.

РИНЦ базасы бойынша нөлдік емес импакт факторлы ғылыми журналдарға мақалалары жарияланған. Москва қаласындағы «Актуальные проблемы гуманитарных и естественных наук» ғылыми журналының 2012 жылғы ноябрь айының басылымында «Проблемы Послания Президента для обеспечения социальной модернизации Казахстана» ғылыми мақаласы жарық көрсе, «Актуальные проблемы образования, связанные с предпринимательской деятельностью» ғылыми мақаласы Россиялық Жаратылыстану Академиясының «EUROPEAN JOURNAL OF NATURAL HISTORY» журналына 2012 жылы қаңтар айына жариялануға бекітілді.

09 сәуір 2012 жылы РФ Новосибирск қаласында НП «Сибирская Ассоциация Консультантов» өткізген «Актуальные проблемы права» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «Проблемы формирования частный собственности» тақырыбында және 15-16 маусым 2012 жылы Москвада өткен Международное право и законодательство Российской Федерации: III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына «О социальном государстве в современных условиях» атты ғылыми баяндамасымен қатысып, сертификатқа ие болған.

2011 жылы ҚР Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ҰЗМИ РМҚК оқу орталығы ұйымдастырған «Зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану» оқу курсын сәтті аяқтап, сертификат иеленді.

Негізгі ғылыми бағыты - заң ғылымдары, нақты ғылыми мамандануы 12.00.06 –табиғи, ресурстық, аграрлық құқық, экологиялық құқық.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ҚР Б-ҒТ-03-01-11 «Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің алғы шарттары мен заңдарын жетілдіру» МБҒЗЖ бағытында «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедрасы бойынша құрамында 10 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс жасайтын № 0111000413. 26.10.2011 жылы ҚР ҰҒТА тіркелген «Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу мен заңнамаларын жетілдіру мәселелері» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Қазір ХҚТУ «құқықтану» мамандығының 2 курс магистранты А.Умаровтың «Теоретические проблемы право собственности на землю Республики Казахстан» тақырыбындағы магистрлік диссертациясына ғылыми жетекшілік жасайды.

 

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua