Ұстағалиева Алтын Опағалиқызы

Рейтинг пользователей: / 41
ХудшийЛучший 
There are no translations available.

Ұстағалиева Алтын Опағалиқызы (29.06.1966 ж.) – Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры.

Қазіргі кезде «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері.

1983 жылы Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Аралтөбе орта мектебін үздік аяқтаған.

1983-1988 жж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Филология факультетінде оқып, 1988 жылы осы оқу орнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, «Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» біліктілігін алды.

1988-1995 жж. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы, «Қазақ тілі және оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды.

2001-2010 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының «Қазақ тілі» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2010-2012 жж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Филология кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

2012-2013 жж. «Өрлеу» Біліктілік арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2013 жылы Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университеті ғалымдарымен әріптестікте дайындалған Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында тренерлерді оқыту курсын аяқтап, үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша тренер сертификатына ие болды.

Қазіргі кезде «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы  Жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдер біліктілігін арттырудың үшінші деңгейлі курстарын оқытатын Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері қызметін атқарады.

Жоғары оқу орындарында және педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласында жұмыс істеген мерзім ішінде 7 оқу құралын шығарып, 14 әдістемелік нұсқаулықтары мен 28 ғылыми мақалалары жарияланған, «Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі» атты электронды оқулықтың авторы. Жоғары білікті филолог маман ғылыми және педагогикалық саладағы зерттеу еңбектерімен қатар, қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген білікті аудармашы ретінде танылды.

2013 жылы көп жылдық ғылыми-педагогикалық қызметі үшін өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын еңбекқор ұстаз және білікті филолог ретінде Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессор академиялық лауазымына ұсынылған.

2014 жылы Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры атағы берілді.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua