Жиренов Саян Аманжолұлы

Ocena użytkowników: / 6
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

Жиренов Саян Аманжолұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология және көптілді білім беру институты, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

Жиренов Саян Аманжолұлы 1999 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті қазақ филологиясы факультетіне «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2003 жылы оқытушы, филолог деген мамандықты алған. 2003 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Қазақ филологиясы факультетіне магистратураға түсіп, 2005 жылы үздік бітірген. 2005 жылы аталған университеттің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының ізденушісі болып, 2007 жылы кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты деген дәрежеге қол жеткізді.

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жиренов Саян Аманжолұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасында 2005 жылдан бері тұрақты түрде қызмет етіп келеді.

Тіл білімінің антропоцентристік лингвистика (Когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, лексикология т.б.), түркология, лингвофилософия салалары бойынша ғылыми шығармашылықпен айналысуда. Ғылыми мақалалары Қытай, Моңғолия, Ресей, Украйна, Чехия, Түркия, Қырғыстан, т.б. секілді алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан.

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жиренов Саян Аманжолұлы 2014 жылғы Аймақтық Менеджмент Академиясының ассоциативті профессоры (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер ретінде жалпы ғылыми шығармашылық жұмыстарының нәтижесін ұсынады.

С.А.Жиренов 2011 жылы шілде айында Стамбул қаласында өткен «International Symposium on Altay Communities: Migrations and Emergence of Nations» атты халықаралық симпозиумға қатысып, баяндама жасады. Сондай-ақ, С.А.Жиренов алыс-жақын шетелдік «Шұғыла» (Монғолия, 2011 ж.), «Іле жастары» (ҚХР, 2012 ж.), Қырғыз-Ресей Славян университетінің Хабаршысы (Бішкек, 2013ж.) секілді ғылыми басылымдарда бірнеше мәрте ғылыми мақалаларын жариялады. Сол секілді Переялав-Хмельницкиде (2012 ж) өткен «Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ» атты IІ Халықаралық ғылыми-практикалық интернент-конференцияға, Мәскеуде (2012 ж) өткен «Современная филология: теория и практика» атты ҮІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференецияға, Чехияда (2013 ж) өткен «Наука и технологии: шаг в будущее» атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалаларын жариялады.

Жиренов Саян Аманжолұлы «Қатысымаралық (межкоммуникация) байланысқа негізделген қазақ тіл білімі салаларының ғылыми негіздері және мемлекеттік тілдің коммуникативтік даму үрдісі» (2005 – 2008), «Қазақ тілін кешенді оқыту» атты тілдік білімді бағалаудың халықаралық  және Европалық стандарттары (А1 Бастапқы игерім; А2 Қалыптасу қарсаңындағы игерім; В1 Қалыптасқан игерім; В1+Тереңдетіле қалыптасқан игерім; В2 Ілгерілей қалыптасқан игерім; В2+ Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан игерім; С1 Кәсіби игерім) негізінде коммуникативтік бағыттағы, 6 деңгейден тұратын оқу-әдістемелік кешен секілді (2005-2006) ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландырған іргелі жобалардың мүшесі болды. Сондай-ақ, «Түркі халықтары мен мемлекеттерінің тарихи­ мәдени мұрасы және интеграциялық үдерістер» атты іргелі зерттеу жобасының «Түркі тілдері сөздіктерін жасаудың ғылыми-әдістемелік ұстанымдары» (Научно-методологические принципы составления тюркских словарей) атты халықаралық ғылыми жобаның (2011-2012) мүшесі болып ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол секілді жас ғалым университетішілік негізде қаржыландырылатын «Лингвистикалық терминдердің ғылыми методологиялық негізі» атты ғылыми жобаның жетекші ғылыми қызметкері (2010-2011), «Кәсіби мамандарды дайындауға қатысты үштілді меңгертудің әдістемесі мен технологиясы (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)» атты ғылыми жобаның ғылыми қызметкері (2011-2012),  «Кәсіби филолог маман даярлау барысында латын графикасын игертудің әдіснамасы» атты ғылыми жобаның аға ғылыми қызметкері (2013), «Жоғары оқу орындарында интернет-ресурстарын пайдалану арқылы білім берудің теориялық және методологиялық негізі» атты ғылыми жобаның аға ғылыми қызметкері (2013), «Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы фунционалдық сауаттылықты дамытудың замануи әдіснамалық негіздері» атты ғылыми жобаның аға ғылыми қызметкері (2014) секілді көптеген ұжымдық ғылыми жоба жұмыстарына мүше ретінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарын үзбей жүргізіп келеді.

С.А.Жиренов мемлекеттік қызметкерлерге арналған, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақ тілі» атты 6 деңгейлі оқу-әдістемелік құрал авторларының бірі. Сол секілді жас ғалым жоғары оқу орындары филология факультеті студенттерінің таңдау компоненті «Когнитивтік лингвистика», «Линвистикалық терминдер теориясы» пәндеріне арналған «Когнитивтік лингвистика» (2010 ж.), «Линвистикалық терминдер теориясы» (2012 ж.) атты оқу құралдарының авторы. Сондай-ақ, Жиренов Саян Аманжолұлы лингвокогнитивтік бағыт аясында жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде 2011 жылы «ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің тілдік-танымдық табиғаты» ғылыми монографияны жарыққа шығарып, ғылыми өндіріске енгізді. Жас ғалымның аталған ғылыми еңбегі ғылыми ортада ғалымдардың оңды бағасына ие болды. Жалпы Жиренов Саян Аманжолұлы лингвофилолософия, лингвокогнитология, түркология, лексикология салалары аясында жан-жақты ғылыми-зерттеу жұмымтарын үзбей жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде жас ғалым 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы болып табылады.

Жиренов Саян Аманжолұлы жыл сайын көптеген студенттердің курстық жұмыстарына, дипломдық жұмыстарына, студентердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасап келеді. С.А.Жиренов жетекшілік жасаған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары дәстүрлі университетішілік конференцияларда бірнеше мәрте жеңімпаз ретінде танылып, республикалық конференцияларға ұсынылды. Сондай-ақ С.А.Жиренов өзі жетекшілік жасаған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының баспа бетіне жарыққа шығуына да үнемі ықпал етіп келеді.

С.А.Жиренов республика көлемінде жарыққа шыққан көптеген оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми монографиялардың, сөздіктердің тұрақты рецензенті екендігін де атап өтуге болады. Сондай-ақ жас ғалым республика көлеміндегі Жоғары оқу орындарын бітіруші түлектердің дипломдық жұмыстарына да жыл сайын сараптама пікір беруші мамандардың бірі ретінде саналады.

Жиренов Саян Аманжолұлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде 2011-2012 жылдар аралығында филология факультеті деканының ғылыми істер және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған. 2012 жылдан бері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасары, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы-Вестник «Жас ғалымдар» сериясының бас редакторы секілді лауазымды қызметтерді қатар атқарып келеді.

Жас ғалымның ғылыми шығармашылық жұмыстары мемлекеттік тұрғыданда бағаланып, 2012-2013 жылғы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан талантты жас ғалымдарға арналған ғылыми мемлекеттік степендияның иегері ретінде танылды. Сондай-ақ есімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Тілші және әдебиетші: ұстаз-ғалымдары» атты энциклопедияға енген (2010).

С.А.Жиренов филология факультеті студенттеріне көптеген лингвистикалық пәндерден дәріс жүргізеді. С.А.Жиреновтің оқытушылық шеберлігі, ғылыми базалық білімі қазіргі уақытта студенттер мен әріптестерінің арасында, ғылыми ортада бүгінгі таңда толық мойындалғандығы кәсіби маман екендігін де көрсетеді.

Жиренов Саян Аманжолұлы  2014 жылғы Аймақтық Менеджмент Академиясының ассоциативті профессоры (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер ұсынып отырған ғылыми еңбектерінің өзегі тілдің танымдық табиғатына, тіл мен ұлттың сабақтастығына, тіл мен ділдің бірлігіне, тіл мен ойдың тұтастығына, концептілік бірліктердің ұлттық-тәдени-танымдық бомысына негізделеді.

Негізгі ғылыми нәтижелері:

1. Тіл біліміндегі концептілік мәнге ие доминанттар – ұлттық танымдық қорда орын алатын мәдени ақпараттық мазмұнға ие тілдік таңбалар жүйесі болып табылады. Олар – ақиқат дүние мен бейақиқат дүние фрагменттерін адам санасында ұялатушы объективті  басты тілдік құрал. Осы тұрғыдан келгенде концептілік мәнге ие доминанттардың семантикасы мәдени, дүниетанымдық ерекшеліктері айқын көп компонентті тілдік таңба ретінде ұлттың рухани мұрасы болып табылады. Поэтикалық контекстегі концептілердің көркем бейнеленуі ұлт дүниетанымында когнитивтік модель қалыптастыратын символдық, когнитологиялық, ассоциациялық ерекшеліктерді көрсетеді.

2. Тілдің танымдық табиғатын лингвокогнитивтік аспектіде қарастыру арқылы тілдік және тілдік емес мәнділіктерді функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеу арқылы тілдік тұлғаның танымдық әлеуетінің түпқазық ұғымы ретінде, сөз астарындағы таным талшықтарының ерекшелігіне лингвокогнитивтік және концептілік талдау жасау зерттеушінің лингвофилософиялық аспектідегі жаңалықтары болып саналады.

3. Тіл мен танымның тұтастығына қарай анықталған салаларды былай көрсетуге болады: адамның тілі мен рухани белсенділігі; тіл мен адам физиологиясы; тіл мен ойлау, сана әрекеті; тіл мен мәдениет; тіл және адамның қарым-қатынасы; тіл мен қоғам; тіл мен адам құндылықтары; тіл және таным, тіл және ұлт, тіл және діл. Адамның тілге, тілдің адамға өзара ықпал етуінен туындаған осы салалардың әрқайсысының өзіндік зерттеу нысаны, тәсілдері, қолданылу аясы бар.

4. Тілдік бірліктер мен сөз астарындағы танымдық элементтердің адам дүниетанымындағы орнына қатысты мәселе тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның, сондай-ақ когнитология ғылымдарының ең күрделі проблемаларының бірі болып саналады. Мәселенің маңыздылығы –  ойлау процесі мен тіл табиғатының, тілдік жүйе мен танымдық элементтердің бір-бірімен өте-мөте күрделі заңдылықтармен орайласуында. Дыбыстық тіл де, абстракт ойлау да – тек адамға ғана тән құбылыстар. Бұл екі құбылыс та адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екі факторды бірдей қамтиды. Біріншіден, тіл де, ойлау да – адам миының қызметінен туындайды, сәйкесінше соның өнімі болса, екіншіден, тіл де, ойлау да, танымдық жүйе де – әлеуметтік құбылыстар, өйткені оларды өмірге әкелетін адамның өзі – сол қоғамның құраушы бөлігі. Тіл мен таным әрі әлеуметтік, әрі индивидуалды-биологиялық тұрғыда ұштасып, өзара үндесімде, бірлікте болады. Тіл мен танымның жалпы тұтастығы сол бірліктен көрінеді.

Ғылыми және қолданбалы маңыздылығы. Тіл арқылы ұлтты тануға бағытталған ғылыми зерттеулерінің мәні, пайдаланатын деректері кешенді сипатта болады. Атап айтқанда, жас ғалым тек тілдік деректерімен шектелмей, тілтанымдық негізге ғана сүйенбей, сонымен бірге зерттеу барысында тарихи, философиялық, психологиялық т.б. зерттеулермен де шектесіп, кешенді зерттеу жұмыстарын үзбей жүргізеді. Бұл қағиданың тідің танымдық болмысын тануға қатысты тілде сақталған құпияны (тілдік код) зерттеуге тікелей қатысы бар. Атап айтқанда, қазақ тілінің танымдық сипаты туралы басқа да ғылым салаларының зерттеу нәтижелері мен мәліметтеріне назар аудару – тиімді әдіс. Себебі жас ғалым зерттеулерінде келтірілген әртүрлі этномәденитанымдық уәждердің лингвофилософиялық түсініктемелері көбінесе экстралингвистикалық факторлармен байланысты.

Тіл – адамзаттың қоғамдық сипатын анықтайтын басты белгі. Адам баласының танымы мен түйсігі, сана-сезімі, ақыл-ойы тілден тыс дүние емес. Лингвистика – ғылымындағы жаңа бағыттағы зерттеулер адам мен қоғам, тіл мен қоғам, тіл мен ұлт, тіл мен сана, тіл мен таным, т.б. секілді құбылыстарды өзара бірлікте қарастырады. Демек, адамды тілмен біртұтастықта зерттеу лингвистиканың жаңа бағытта дамуына ықпал етеді. Осы орайда кейінгі кездегі лингвистикалық зерттеулердің қарқынды түрде субъектіге қарай бет бұруы – заңды құбылыс.

С.А.Жиренов зерттеулерінің нәтижелері қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттаным, этнолингвистика, лингвофилософия, когнитивтік лингвистика сияқты ғылыми бағыттардың ғылыми-теориялық проблемаларын шешуге, атап айтқанда  когнитивтік лингвистиканың ғылыми аппаратын жетілдіруге үлес қосады.

Сонымен филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жиренов Саян Аманжолұлы 2014 жылғы Аймақтық Менеджмент Академиясының ассоциативті профессоры (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер ретінде ұсынып отырған жалпы ғылыми-зерттеу мақалалары мен өзге де еңбектері Аймақтық Менеджмент Академиясының ассоциативті профессоры (доцент) ғылыми атағын алуға лайық деп танып, үміткерге қатысты ғылыми мінездемені ұсынып отырмыз.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2020.