Узденбаева Жанат Казкеновна

Ocena użytkowników: / 3
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

 

1984 жылы Өскемен Жол құрылыс институтын «Сумен жабдықтау және канализация» мамандығы бойынша бітірген соң еңбек жолын Қарағанды қаласындағы «Карагандагорсельпроект» жобалау иститутында инженер болып бастадым. Одан кейін  Қарағанды политехникалық институтында инженер-сметашы, «Дәулет» өндірістік кооперативінде бас инженер, Өскемен қ. С. Аманжолов атындағы мемлекеттік университетінің оқу шеберханасында инженер болып  қызмет атқардым. 1995 жылдан бастап Д. Серікбаев атындағы мемлекеттік техникалық университетіне ұстаздық жұмысқа ауыстым. «Үймереттер мен ғимараттар құрылысы» кафедрасында «Құрылыс процестерінің технологиясы», «Құрылыстағы инновациялық технологиялар», «Смета», «Жобалау ісі», «Жөндеу жұмыстары технологиясы» пәндерінен қазақ және орыс тілдерінде дәріс берумен қатар халықаралық, республикалық ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысып ізденістік тәжірибесін ұштадым. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым.

Табиғи сорбенттердің физикалық - химиялық касиеттерін зерттеп,  өзінің негізгі ғылыми бағытым - өндірістік ластанған суларды тазарту мәселелерімен айналыстым. Ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшелігі - өндіріспен тығыз байланыстығында. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері  өндірісте сыналып, өз деңгейінде  дәлелді болып «Өндіріске енгізу актісін», инновациялық патент алдым. Өндірістік ластанған суларды тазарту технологиясының ұтымды жолдарын табуда көп ғылыми зерттеу жүргіздім, салыстырмалы сараптама жасадым. Осы аталған жұмысы негізінде Қырғыз Республикасы Бішкек қаласындағы М.Адышев атындағы Геологиялық институтында 2012 жылы 2 наурызда 25.00.36 - «Геоэкология» мамандығы бойынша, «Кен байыту фабрикаларының өндірістік ластанған суларын табиғи сорбенттермен тазалау технологиясын жасау» тақырыпты  кандидаттық  диссертациясын қорғадым. Қорғағаннан кейінгі уақытта да  ізденісін тоқтатпай ғылыми мақалалар және монография жаздым.

2014 жылы І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-не қызметке ауысып, «Техникалық напәндер» кафедрасының ағымдағы өзекті жұмыстарына белсене араласып кеттім. «Тіршілік қауіпсіздігі», «Табиғи стихиялық құбылыстар», «Стандартизация, метрология», «Сертификация», «Инженерлік қамсыздандыру» және басқа пәндерінен жоғарғы курс білімгерлеріне сабақ беремін. Сабақта жаңа технологиялар, техникалық құралдар мен зертханалық жабдықтарды кеңінен қолданамың.

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2020.