Нұғманов Бақытбек Рысқалиұлы
Мен, Нұғманов Бақытбек Рысқалиұлы, 1970 ж. 29 маусымда Талдықорған облысының үшарал аулында дүниеге келдім.
1987 ж. Маяковский орта мектебін бітірдім.
1987 ж. Семипалатинск қаласындағы СПТУ-87 түсіп, 1988 ж. аммиак-тоңазытқыш цехының операторы мамандығы бойынша диплом алдым.
1988-1989 жылдары Орта Азия аймақтарында интернациональдық борышын Алматылық арнайы полкінде қызымет еттім.
1990 жылдан бастап Балхаш қаласында ет комбинатында аммиак-тоңазытқыш қондырғысында машинист болып жұмыс жалғастырдым.
1992 жылдан жеке бизнеспен айналастым.
1998 ж. Ұржар ауданында дүкен, кафе ашып, макарон өнімдерін шығырытын цехті іске қосып, кәсіпкерлік қызыметті бастадым.
2002 ж. Чебоксары зауытылық сантехникалық және шойын материалын жеткізу бойынша атқаратын компания аштым.
2003 ж. Семей қаласында көптеген ойын-сауық орындарын ашып кәсіпкерлік қызыметімді жалғастырдым.
2003 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түсіп, 2008 ж. құқықтану мамандығы бойынша жоғары оқу бағдарламасын толық меңгеріп заңгер мамандығын алдым.
2007 ж. Астана қаласында мейрамханалармен темірбетон өнімдерін шығаратын өндірістік базасын аштым.
Және үнемі қайырымдылық іс-шаралармен айналастым, балалар үйлеріне, қарттар үйіне, көп балалы отбасылырына және жағдайы нашарларға материалдық көмек көрсеттім.
2010 ж. «Аль-Иман Рух» қайырымдылық қорын ашып, халықтың аз қамтылған отбасылырына көмек көрсетіп, қайырымдылық қорының саясатын ұстанатын мәдени іс-шаралар мен қоғамдық форумдар ұйымдастырдым.
2013 жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына белсене атсалыстым.
2017 ж. G-Global хатшылығының кеңесшісі болып тағайындалдым, «Әл-Иман Рух» қайырымдылық қорымен бірге ШҚО Абай ауданының мүгедектеріне «EXPO-2017» баруды ұйымдастырдым.