Асанов Аманқайт

Ocena użytkowników: / 151
SłabyŚwietny 
There are no translations available.

 

Асанов Аманқайт 1943 жылы Өзбекстан Республикасы Мойнақ ауданының Ірге (Үрге-Урга) ауылында туылған. 1961 жылы орта мектепті бітіріп, комсомолдық бастамамен Өзбекстан Республикасы Мойнақ ауданының «Октябрьдың 15 жылдығы» атындағы ұжым шаруашылығында өндірістік мектеп бітіруші бастамашы комсомол жастар жетекшісі, комсомол ұйымының хатшысы, ұжым шаруашылығы басқарма, ауыл кеңесінің мүшесі болып 1963 жылдың шілде айына дейін жұмыс істеген. Өндірісте жұмыс жасаған уақытында Арал теңізінің ақбас толқынымен арпалыса жүріп, балық аулаумен бірқатарда, ауданның комсомол ұйымының жұмысына да белсенді араласқан. Сол 1962 жылдың күз айларында аудандық, облыстық Қарақалпақ автономиялық Совет Социалистік Республикасының комсомол ұйымының конференцияларына қатысқан. 1962 жылдың наурыз айында Өзбекстан Республикасы комсомолының XVII съезіне қатысып, президиум мүшесі болған, съездің негізгі мәселесін талдау бойынша шығып сөйлеп, мектеп бітіруші, бастамашы комсомол жастарының өндірістегі жұмыстарының жетістіктерімен бірқатарда, ауданда балық шаруашылығын дамытуда, балық аулауда,  өңдеуде, жеткізуде жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы қажеттілігіне республика басшылығының назар аударуы керектігі туралы өз пікірін білдірген. Осы съезде 19-ға әлі толмаған бастамашы, комсомол жастардың жетекшісі А. Асанов Өзбекстан Республикасы комсомолы Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланған. 1962 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласында өткен бүкіл одақтық комсомолдың XIV съезіне делегат болып қатысқан. Одан соң 1963 жылы В.И. Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік Университетінің (Таш МУ) (бұрынғы Орта Азия, қазіргі Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті) химия факультетіне оқуға түсіп, 1968 жылы бітіргеннен кейін (Диплом Ч № 723134 г. Ташкент 8 июля 1968 г.) мемлекеттік комиссияның шешімімен сол университеттің «Коллоидтық химия» кафедрасына жұмысқа қалдырылған. Ал 1969-1970  жылдары Кеңес Одағы Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарған. 1970 жылдың 1-ші қарашасында Ташкент Мемлекеттік Университетінің аспирантурасына химия мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1973 жылы тәмәмдап, ғылыми жұмысын диссертациялық кеңеске тапсырып, 1975 жылы химия ғылымдары кандидаты дәрежесін алған (МХМ № 019938 Москва 30 декабрь 1975 г.). Аспирантураны бітіргеннен соң  1973 жылдан ТашМУ-дің химия факультетінің коллоидтық химия кафедрасында аға ғылыми қызметкер, содан соң доценті болып жұмыс істеген.

1981 жылы КСРО-ның Жоғары Аттестациялық Комиссиясының шешімімен аға ғылыми қызметкері (Москва 23 декабрь 1981 г. Протокол №52 н/10), 2004 жылы ҚР-ның химия мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы (21 мамыр 2004 ж. №6 хаттама, ДЦ № 0005847, Алматы), ал 2004 жылдың қыркүйек айында академиялық профессор атағы (30 қыркүйек 2004 ж. № 2 хаттама) берілген.

1973 жылдан бастап ғылыми жұмыспен қатар ТашМУ-дің химия факультетінде білімгерлерге, магистранттарға, аспиранттарға жалпы, міндетті және арнайы курстардан лекциялар, зертханалық сабақтар өткізген. ТашМУ-дің химия факультетінде жұмыс істеген уақытында аға ғылыми қызметкер, доцент қызметімен бірге, 1985-1989 жылдары химия факультеті деканының орынбасары, кешкі бөлімнің деканы және 1988-1998 жылдары Коллоидтық химия кафедрасының меңгерушісі, сонымен бірқатарда, әкімшіліктің қызметін қадағалау комиссиясының, Халықтық бақылау комитетінің төрағасы, партия ұйымының хатшысы сияқты партиялық қоғамдық қызметтерін атқарған. Физикалық химия мен Коллоидтық химия кафедрасын біріктіргеннен кейін 1999 жылы Физикалық және коллоидтық химия кафедрасының доценттік қызметіне конкурспен өтіп, 2000 жылдың 31 тамызына дейін жұмыс істеген.

2000 жылдың 1-ші қыркүйегінен Қазақстан Республикасының М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің (ТарМУ), Химия кафедрасының доценті, 2004 жылдың 1-ші қыркүйегінен кафедра профессоры, ал 2005 жылы «Химия» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалған. 2006 жылдың 1-ші қыркүйек айынан «Физика және химия» кафедрасының меңгерушілігіне конкурспен өтіп, қызмет атқарған. 2009 жылдан ТарМУ-дің Технология және ақпараттық жүйелер институты «Химия және бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасының (қазіргі Технологиялық факультеті, Химия және химиялық технология кафедрасының) профессоры қызметін атқарып келеді.

Ұстаздық қызметін «Суда еритін полимерлерді синтездеу және зерттеудің коллоидтық-химиялық негіздері» бағытындағы ғылыми ізденістермен ұштастыру нәтижесінде, 564-ке жуық ғылыми еңбектері, әр түрлі ғылыми басылымдарда және алыс-жақын шет елдерде өткізілген халықаралық, республикалық ғылыми конференциялар, конгресстер, симпозиумдердің материалдарында жарияланған. Сонымен қатар, 2 монографиялық жинағы, 3 оқу құралы, сондай-ақ, профессор Аманқайт Асановтың ғылыми өнертабысының 100 патенті атты  кітабы басылымнан шығарылған. Ғылыми зерттеу ізденістерінің жаңа, айрықша, өзекті теориялық, тәжірибелік маңызды тұжырымдарына 110-нан астам КСРО-ның авторлық куәлігін, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының патенттері, алдын-ала, инновациялық, пайдалы модельдеріне патенттер алған. Солардан жасыл химиялық әдіс-тәсілдермен 60-қа тарта химиялық құрамымен ерекшеленуші жаңа жоғары тиімді суда еритін полимерлер-полиэлектролиттер синтезделіп, пайдалану бағыты нақтыланған, 10-нан астам ғылыми еңбектері мен патенттер нәтижелері қолданысқа енгізілген.

Зерттеу нәтижелері импакт-факторлы, халықаралық рейтингі жоғары «International Journal of water chemistry аnd technology», «World Appled Sciences», «Мир науки, культуры, образования», «Прикладная химия», «Доклады АН Узбекистана»,  Өзбек химия, ҚазҰУ, ЕҰУ, ҚарМУ, КБТУ хабаршысы,  Қазақстан ғылымының жаңалықтары,  Ізденіс сияқты ғылыми журналдарында жарияланған. Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының Нью-Йорк, Австрия Республикасының Вена, Германия Федеративтік Республикасының Штутгарт, Түркия Республикасының Анкара, Украина республикасының Киев, Польша Республикасының Варшава, Чехословакия Республикасының Прага, Беларуссия Республикасының Минск, Ресей Федеративтік Республикасының Новосибирск және Барнаул, сондай-ақ, Өзбекстанның Ташкент қаласында, Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында өткізілген халықаралық конференциялар, симпозиумдеріне қатысып, ғылыми материалдары басылымнан шығарылған. А. Асановтың суда еритін полимерлер- полиэлектролиттердің алыну әдіс-тәсілінің, флокуляциялаушы, құрылымдаушы, гидрофильдеуші, тұрақтандырушы қабілетіне макромолекулалар тізбегінің бойында орналасқан функционалды буындардың түрлері, табиғатының біртектілігі мен әртектілігінің, мольдік арақатынасының, функционал топтарының белсенді бөлігінің ыңғайлы орналасуының, ионданушы қабілетінің, заряд белгісінің, қарсы және ілеспе иондарының макромолекула конформациялық күйінің әсерін анықтау нәтижесінде шығарылған кейбір ғылыми заңдылықтар, әсіресе аддитивтік, синергизм, антагонизм туралы тұжырымдар мен қорытындылар шет елдің белгілі «Journal оf  Physical Sciences» (Vol. 10, 2006 Р. 94)  және «International Journal of Polymer Sciences» Vol. 2019, Р. 1-9 (doi.org/10.1155/2019/4920391) журналдарының мақалаларында келтірілген, сондай-ақ, танымал ғалымдар А.К. Запольский., А.А. Баран «Коагулянты и флокулянты в процессах очистки воды» атты кітабына (Запольский А.К.,  Баран А.А. Коагулянты и флокулянты в процессах очистки воды. - Л.: Химия, 1987. – 151 стр.) енгізілген.

Сонымен қатар, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб республикалары, Испания, Италия, Чехия, Нидерланды мемлекеттерінің ғалымдары профессор А. Асановтың ғылыми еңбектерінің нәтижелеріне үлкен қызығушылық танытуда. Сондай-ақ, «American Journal Appled Sciences», «American journal of applied chemistry», «International Journal of Physical Sciences», «International Journal of water chemistry аnd technology», «World Appled Sciences» және «Мир науки, образования и культуры» сияқты импакт-факторы жоғары журналдарына рецензент болуға ұсыныс жасалып,  редакторлар алқасы құрамына мүше болуға шақыртулар алған. Ол әр жылдары Нью-Йорк, Даллас, Абу-Даби, Дубай, Валенсия, Милан, Прага, Амстердам және т.б. қалаларда өткен ғылыми конгресстерге, симпозиумдарға, конференцияларға қатысуға шақыртулар алған.

Негізінен жүргізілген ғылыми жұмыстарының нәтижелері жаңа экономикалық тиімді, экологиялық залалсыз, биологиялық үйлесімді суда еритін полимерлер, полиэлектролиттерді оңтайлы технологиялық тәсілмен синтездеудің теориялық-тәжірибелік заңдылықтарын анықтауға,  сонымен бірге суда еритін полимерлер, полиэлектролиттердің өндірісте табиғи лайлы, ағынды суларды тұрмыстың, өндірістің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін тазалауда, жүзім, қант қызылшасы шәрбәтін мөлдірлендіруде,  гидрометаллургияда концентрат құрамындағы бағалы металдарды бос қалдықтардан ажырату үдерісін жеделдетуде, мұнай-газ кеніштерін іздеуде, терең бұрғылау үдерісінің техникалық қауіпсіздігін сақтауда, тері өнеркәсібінде төмен сапалы терілерді түксіздендірумен физика-химиялық қасиеттерін жақсартуда, медицинада дәрі-дәрмектердің ағзаға әсер ету қауіпсіздігін сақтаумен бірқатарда әсер ету уақытын ұзартуда, ауылшаруашылығында өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғауда пайдаланылатын жаңа жоғары тиімді экологиялық залалсыз фунгициттердің түрлерін дайындауда, эрозияланған топырақтың құрылымдық құрамын мақсатты, бағытты реттеу арқылы өсімдіктердің өнімділігін арттыруда, сондай-ақ, құмдардың, жер қыртыстарының, өндірістік қалдықтардың беріктігін жоғарылатуда қолданылу мүмкіндіктерімен технологиялық, экономикалық тиімділігін  көрсетуге қаратылған.

Профессор А. Асанов білімгерлердің 250-ден астам дипломдық жұмысына, 40-тан астам магистрлік диссертациясына жетекшілік етіп, солардан 15 білімгер ғылыми зерттеуші, 12 магистранттары әртүрлі номинациялар бойынша І-ші дәрежелі дипломдар, грамоталар алған және 5 ғылым кандидатын, 1 РhD докторын дайындаған. Солардан қазіргі уақытта, Е.Ж. Махашов Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, К.Р. Шилібек ТарМУ-дың «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы, Р.С. Таубаева Тараз педагогикалық университетінің жаратылыстану факультетінің деканы, Г.К. Матниязова ТарМУ-дың Химия және химиялық технология кафедрасының доценті, сондай-ақ, химия саласы бойынша дайындалған бірнеше ғылыми дәрежелі шәкірттері мен магистрлері жақын және алыс шет елдердің, жоғары және арнайы оқу орындарында жетекші оқытушы қызметтерін атқарады. Профессор А. Асановтың жетекшілігінде  көптеген білімгерлер, магистранттар, PhD докторанттар мен жас оқытушылар әртүрлі халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға қатысып, соның 50-ден астамы І-ші дәрежелі дипломдармен, Құрмет грамоталарымен,  1 білімгер  Тұңғыш Президенті қорының және 2 білімгер М.Ф. Үркімбаев атындағы сыйақымен марапатталған. Сонымен қатар, 2 шәкірті Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (К.Р. Шилібек 2018 ж., Г.Қ. Матниязова 2019 ж.) атанған. Сонымен бірге, профессор А. Асановтың жетекшілігінде магистрлік жұмысын қорғаған С. Мамешова қазіргі уақытта PhD докторлық диссертациясының тақырыбы бойынша ғылыми ізденістерін нәтижелі жүргізуде.

КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет еткен мерзімінде Әскери Ерен ерлігі медалімен, Түркіменстан Республикасының Орталық Комсомол Комитетінің грамотасын алған. Ресейдің Чуваш Республикасы университетінің,  Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің С. Торайғыров атындағы Павлодар, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау, Ш. Есенов атындағы Ақтау және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеттері ректорларының алғыс хаттарымен марапатталған.

Профессор А. Асанов Өзбекстан Ұлттық Университетінің және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі  оқу және ғылым саласындағы жетістіктері үшін 20-ға жуық алғыс, мақтау құрмет грамоталарымен, «Үздік оқытушы» І дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ, «Үздік өнертапқыш», ғылыми-педагогикалық мамандар дайындаудағы «Үздік ғылыми жетекшілігі» үшін дипломдар және грамоталармен бірнеше рет марапатталған танымал ғалым, ұлағатты ұстаз, көрнекті өнертапқыш.

Награды РАМ:

Золотая медаль им. Н. Тесла «За вклад в развитие техники и технологии»

Диплом Почётного доктора наук (Doctor of Science, Honoris Causa)

Нагрудный знак «Почетный доктор наук (Doctor of Science, Honoris Causa)»

Асанов Аманкайт (р. 29.08.1943 г.) – кандидат химических наук, доцент, старший научный сотрудник, профессор, Почетный доктор наук (Doctor of Science, Honoris Causa) РАМ, действительный член (академик) РАМ. В настоящее время - профессор кафедры «Химия и химическая технология» Таразского государственного университета им. М.Х. Дулати (г. Тараз).

В 1963 году поступил на химический факультет Ташкентского государственного университета имени В.И. Ленина (ТашГУ) (бывший Средне-Азиатский Государственный университет (САГУ), ныне Узбекский Национальный университет имени Мирзо Улугбека), а в 1968 году, после окончания университета (Диплом Ч № 723134, г. Ташкент, 8 июля 1968 г.), по решению государственной комиссии был оставлен на работу в том же университете на кафедре «Коллоидной химии» химического факультета.

1 ноября 1970 года поступил в аспирантуру Ташкентского государственного университета, которую окончил в 1973 году.

В 1975 году получил ученую степень кандидата химических наук (МХМ № 019938, г. Москва, 30 декабря 1975 г.).

После окончания аспирантуры, с 1973 года работал старшим научным сотрудником на кафедре «Коллоидной химии» химического факультета Ташкентского государственного университета, а затем там же работал доцентом.

В 1981 году решением Высшей аттестационной комиссии СССР присвоено ученое звание старшего научного сотрудника (г. Москва, 23 декабря 1981 г., Протокол № 52 н/10), в 2004 году - звание доцента химии Республики Казахстан (21 мая 2004 г., Протокол № 6, ДЦ № 0005847, г. Алматы) и в октябре 2004 года присвоено академическое звание профессора ТарГУ им. М.Х. Дулати (30 сентября 2004 г., Протокол № 2).

Наряду с научной работой на факультете химии ТашГУ, начиная с 1973 года, читал лекции, проводил лабораторные занятия обязательных и специальных курсов для студентов, аспирантов, магистрантов. Во время работы на факультете химии ТашГУ занимал должности старшего научного сотрудника, доцента, в 1985-1989 гг. - заместителя декана химического факультета, декана вечернего отделения и в 1988-1998 гг. - заведующего кафедрой «Коллоидной химии». После объединения кафедр Физической химии и Коллоидной химии в 1999 году он прошел по конкурсу на должность доцента кафедры Физической и коллоидной химии и работал на этой должности до 31 августа 2000 года.

С 1 сентября 2000 года работал доцентом кафедры «Химия» Таразского государственного университета имени М.Х. Дулати, с 2004 года - профессором, а в 2005 году был назначен заведующим кафедрой «Химия». С 1 сентября 2006 года прошел по конкурсу на должность заведующего кафедрой «Физики и химии». С 2009 года работает профессором в институте «Технологий и информационных систем» ТарГУ им. М.Х. Дулати на кафедре «Химии и химической технологии неорганических веществ» (ныне Технологический факультет, кафедра «Химии и химической технологии»).

Сочетая преподавательскую деятельность с научными исследованиями по направлению «Коллоидно-химические основы синтеза и изучения водорастворимых полимеров» было опубликовано около 564 научных работ в различных изданиях, в материалах на международных конгрессах, симпозиумах и республиканских научных конференциях, а также в различных научных изданиях дальнего и ближнего зарубежья. Наряду с этим, опубликовал 2 монографических сборника и 3 учебных пособий, издана книга «100 патентов на изобретение профессора Аманкайта Асанова». На основании особо важных, новых, на самых современных, актуальных, теоретических, технологических, практических и технических решений, результатов и выводов научных исследований, имеющих большое практическое значение получил более 110 авторских свидетельств, патентов на изобретении, инновационных патентов, патентов на полезную модель стран: СССР, Республики Казахстан и Республики Узбекистан. В том числе около 60 новых высокоэффективных водорастворимых полимеров-полиэлектролитов с различным химическим составом синтезированы зелеными химическими способами и из них внедрено к применению результаты более 10 научных работ и патентов.

Результаты исследований опубликовал в научных журналах с высоким импакт-фактором и международным рейтингом: «International Journal of Water Chemistry and Technology», «World Applied Sciences», «Мир науки, образования и культуры», «Прикладная химия», «Доклады АН Узбекистана», «Узбекский Химический Журнал», Вестник КазНУ, ЕНУ, КарГУ, КБТУ, Новости науки Казахстана и Поиск. Наряду с этим, участвовал и опубликовал результаты исследований в материалах международных научных конференциях и симпозиумах, проведенных в городах Нью-Йорк (США), Вена (Австрия), Штутгарт (Германия), Анкара (Турция), Варшава (Польша), Прага (Чехия), Минск (Белоруссия), Новосибирск и Барнаул (Российская федерация), Ташкент (Республика Узбекистан), Астана, Караганды и Алматы (Республика Казахстан).

Некоторые закономерности, выводы и заключения установленные в ходе определения влияния на флокуллирующие, структурообразующие, гидрофилизирующие-гидрофобизирующие, стабилизирующие способности, а также конформационных состоянии макромолекулы мольных соотношений и расположений, чередовании, природы, однородности и неоднородности, знака заряда противоинов и сопутствующих электролитов функциональных групп полиэлектролитов синтезированных А. Асановым водорастворимых полимеров-полиэлектролитов, включены  в обзорной статье зарубежного известного международного журнала «Journal of Physical Sciences» (Vol. 10, 2006, Р. 94), Hindawi «International Journal of Polymer Science» Vol. 2019, Р. 1-9 (doi.org/10.1155/2019/4920391), а также включены в книгу видных ученых А.К. Запольского, А.А. Барана «Коагулянты и флокулянты в процессах очистки воды» (Запольский А.К.,  Баран А.А. Коагулянты и флокулянты в процессах очистки воды. - Л.: Химия, 1987. – 151 стр.).

Кроме того, особенно проявляют большой интерес к результатам научных работ А. Асанова со стороны ученых из Соединенных Штатов Америки (2018 г.), Объеденных Арабских Эмиратов (2018 г.), Испании (2018 г.), Италии (2018 г.), Чехии (2018 г.), Нидерланды (2018 г.), неоднократно приглашался публиковаться на страницах журналов имеющие импакт-фактор и быть рецензентом, членом редакционной коллеги в таких журналах как «American Journal of Applied Sciences», «American Journal of Applied Chemistry», «International Journal of Physical Sciences», «International Journal Of Water Chemistry Аnd Technology», «World Applied Sciences» и «Мир науки, образования и культуры». Приглашался участвовать в разные годы в научных конгрессах, симпозиумах, конференциях, проводившихся в городах Нью-Йорке, Далласе и Абу-Даби, Дубае, Валенсии, Милане, Праге, Амстердаме и др.

Основные результаты проведенных научных исследований направлены на определение теоретических и практических закономерностей оптимального способа и технологии синтеза новых экономически выгодных, экологически безопасных, биологически совместимых водорастворимых полимеров, полиэлектролитов. Кроме этого посвящены на выявление регулирование устойчивости различных дисперсных систем, ускорение процесса, очистки природных мутных, производственных, сточных вод необходимых для удовлетворения бытовых и промышленных нужд, осветление сиропа сахарной свеклы и винограда, в гидрометалургии для ускорения разделения твердый фазы пустой породы от концентрата, содержащего редкие полезные ценные металлы, в обеспечение технологической безопасности глубокого бурения, в поиске нефти газовых месторождении, обезволашивание и улучшение физико-химических свойств низкосортных шкур в кожевенном производстве, обеспечение безопасности действия, усиление и пролонгирование влияния лекарственных препаратов в медицине, приготовление экологически безопасных фунгицидов, используемых для защиты от различных вредителей, в сельском хозяйстве, повышение плодородия путем целенаправленного, структурного регулирования состава эрозированных почв в сельском хозяйстве, наряду с этим закрепление грунтов подвижных песков, отвалов промышленных отходов.

Профессор А. Асанов руководил более 250 дипломными работами студентов, около 40 магистерскими диссертациями, из которых 15 студентов – исследователей, 12 магистрантов получили дипломы и сертификаты первой степени по различным номинациям, подготовил 5 кандидатов наук и одного PhD доктора. Из них в настоящее время Е.Ж. Махашов работает  проректором по научной работе и международной связи Южно-Казахстанского Государственного Педагогического Университета, К.К. Шилибек - деканом факультета "Нефти, газа и механики" в ТарГУ им. М.Х. Дулати, Р.С. Таубаева - деканом естественно-научного факультета Таразского государственного педагогического университета, Г.К. Матниязова - доцентом кафедры "Химии и химической технологии" Технологического факультета ТарГУ им. М.Х. Дулати, наряду с этим, подготовленные специалисты в области химии с учеными степенями и магистры работают ведущими преподавателями в ряде высших, специальных учебных заведениях, ближних и дальних зарубежных стран. Под руководством профессора А. Асанова многие студенты, магистранты и молодые преподаватели принимали участие в различных международных и республиканских научных конференциях и симпозиумах, из них более 50-ти были удостоены дипломами 1-й степени, почетные грамоты, 1 студент награжден премией Фонда Первого Президента Республики Казахстан и 2 студента премией им. М.Ф. Уркимбаева. А также 2 ученика (Шилибек К.Р. 2018 г. и Матниязова Г.К. 2019 г.) были удостоены званиями «Лучший преподаватель ВУЗа» Министерства образования и науки Республики Казахстан

Награжден благодарственными письмами ректора университета Чувашской Республики (Российская Федерация), ректорами Павлодарского государственного университета имени С. Торайгырова, Кокшетауского государственного университета имени Ш. Уалиханова, Актауского государственного университета имени Ш. Есенова и Жетысуского государственного университета имени И. Жансугурова, а также Министерства образование и науки Республики Казахстан.

За достигнутые успехи в учебном процессе и научных исследованиях в Национальном Университете им. Мирзо Улугбека Республики Узбекистан и ТарГУ имени М. Х. Дулати Республики Казахстан неоднократно удостоен (около 20 раз) благодарности, награжден почетными грамотами, дипломами первой степени «Лучший преподаватель» и «Лучший изобретатель», а также несколькими почетными грамотами и благодарственными письмами, как «Лучший научный руководитель» по подготовке научных и педагогических специалистов.

Как крупному специалисту, имеющему глубокие профессиональные знания в области химии, и существенные достижения в научной и научно-педагогической деятельности, в 2020 году решением Президиума Региональной Академии Менеджмента было присвоено академическое звание профессора РАМ.

В этом же году за научные исследования в области химии и за большой личный вклад в развитие химических технологий, награжден Золотой медалью им. Н. Тесла «За вклад в развитие техники и технологии».

Позднее в этом же году избран членом-корреспондентом Региональной Академии Менеджмента.

Как крупный ученый, обогативший науку выдающимися достижениями в области химии и внесший неоценимый вклад в подготовку высокопрофессиональных научных и научно-педагогических кадров, в 2020 году был избран действительным членом (академиком) Региональной Академии Менеджмента.

В 2020 году Решением Президиума Региональной Академии Менеджмента присвоена академическая степень Почетного доктора наук (Doctor of Science, Honoris Causa).

Ему также вручен нагрудный знак Почетного доктора наук (Doctor of Science, Honoris Causa).

Наши партнеры:

European Scientific Foundation Institute of Innovation

(Wloclawek, Poland)

Europejska Fundacja Naukowa Instytut Innowacji

(Włocławek, Polska)

 

Regional Center for European Integration (Wloclawek, Poland)

Regionalne Centrum Integracji Europejskiej

(Włocławek, Polska)

http://rcie.pl

 

National Institute of Economic Research (Batumi, Georgia)

Национальный институт экономических исследований

(Батуми, Грузия)

http://nier.ge

 

Batumi Navigation Teaching University

(Batumi, Georgia)

Батумский Университет Навигации

(Батуми, Грузия)

http://bntu.edu.ge/

 

Sokhumi State University (Tbilisi, Georgia)

Сухумский государственный университет

(Тбилиси, Грузия)

http://sou.edu.ge


Ukrainian Assembly of Doctors of Sciences in Public Administration

(Kyiv, Ukraine)

Всеукраїнська Асамблея Докторів Наук з Державного Управління

(Київ, Україна)

http://vadnd.org.ua

 

East European Institute (Izhevsk, Russia)

Восточно-Европейский институт (Ижевск, Россия)

www.mveu.ru

создание сайта Раскрутка сайта, топ 10

Региональная Академия Менеджмента © 2020.