Сейітқұлова Ляйла Мәмбетқызы

User Rating: / 3
PoorBest 
There are no translations available.

Сейітқұлова Л.М. 1972 жылы 20 шілдеде Жамбыл облысы Жуалы ауданы Жаңа-талап ауылында дүниеге келген.

1989-1994 жылдары А.С.Пушкин  атындағы Орал педагогика институтының Жаратылыстану факультетінде «География-биология» мамандығы   бойынша білім  алды.

1994-2008 жылдары  Сейтқұлова Л.М.   М.Өтемісов атындағы  Батыс     Қазақстан      мемлекеттік  университетінде  оқытушы   ретінде  қызмет  жасады.

1998-2001  жылдары  Қазақстан Республикасы  Ғылым  Академиясы  жанындағы  «Адам және  жануарлар физиологиясы» атты  зерттеу институтында аспирантурада оқыды.

2001- жылы  «Қалыпты және экстремалды жағдай кезіндегі ақуыздар катоболизіміне лимфа жүйесінің қатысы»  тақырыбында кандидаттық  диссертация   қорғады. Сейтқұлова Л.М. өзінің  еңбек  жолында   «Адам және  жануарлар физиологиясы», «Адам  экологиясы», «Адам анатомиясы», «Адам және  жануарлар  морфологиясы», «Эмбриология», «Гистология», «Жеке  даму  биологиясы», «Омыртқасыздар зоологиясы», «Жоғарғы  жүйке  жүйесі», «Жас  ерекшелік  физиологиясы  мен гигиенасы» курстарынан   дәріс береді.

2002-2003-2004- жылдарда Республикалық пәндер олимпиадасында қазылар алқасының мүшесі болды.

2001 бастап   Педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтының тұрақты лекторы.

2003- жылы Алматы қаласы Казақ гуманитарлы заң  университетінде  біліктілікті арттыру институтында Медициналық экспертиза  мен  Сот  медицинасынан  дәріс алып  білім жетілдіру курсын тамамдады.

2004- жылы наурыз айынан бастап «Адам және  жануарлар  физиологиясы  мен анатомиясы» кафедрасының меңгерушісі.

2005 - жылы  Біріңғай  ұлттық тест  апеляциясының  мүшесі. 2005 - Педагогикалық институттың  оқу - әдістемелік  кеңестің мүшесі.

2005- «ИСО 14001 халықаралық стандарты. Экологиялық  менеджменті жүйесі»  бойынша аудитор.

2006 - жылы ҚР Білім  және ғылым  министрлігінің жариялаған   «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»  мемлекеттік  грантының  иегері    атанды.

2006 – желтоқсан – РФ, Коми Республикасы Ғылым Академисының адам және жануарлар физиологися институтында ғылыми-әдістемелік стажировкадан өтті.

2009-2010 оқу   жылдары  А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультетінің деканы,

2010-2012 оқу жылдары ТИГУ-дың Оқу  бөлімінің бастығы,

2012 жылдан  бастап  ТИГУ-дың  Ғылым  бөлімінің бастығы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша мақалалары алыс және таяу  шетелдерде, республикалық,     халықаралық конференцияларда баяндалып, жинақтарда 26 жұмыс жарық көрген.